Шығыс Қазақстанда әлеуметтік нысандарды жылумен қамтамасыз ету үшін күн батареялары орнатыла бастады. Облыс орталығымен қатар қазіргі таңда шалғайдағы  Шемонайха, Зырян, Қатонқарағай және Көкпекті сынды 6 аудандағы бірнеше мекемелерге энергия үнемдеу құралдары тегін қойылды.  Тың жобаға Біріккен Ұлттар Ұйымының жасыл экономика бағдарламасы бойынша қаржы бөлінген. Панель тайқтайшалар күн сәулесін өзіне сіңіріп одан бөлінген қуат қазандықтағы суды жылытуға жұмсалады. Аталған энергия жинау тақтайшалары еуропа елдерінде жасалғанмен бөлшектерінің 80 пайызын отанымыздың жас ғалымдары ойлап шығарған. Болашақта заманауи күн батареяларын толықтай елімізде құрастыру жөнінде де жоспар бар. Өйткені күннен қуат алатын бұл қондырғыларды пайдалану жасыл экономикаға өтудегі алғашқы қадамның бірі. Тың жоба жылу мен энергия алуда миллиондаған теңге қаржы үнемдеуге мол септігін тигізеді. 

 

Дидар ДӘЛИМАНОВ, ЖОБАНЫҢ АЙМАҚТЫҚ ҮЙЛЕСТІРУШІСІ:

 

Көмірмен, отынмен қызыдыртаныдар болады. Мазутпен қыздыратындар болды.  Бұл нәрсені қойғаннан кейін экономикалық тұрғыдан тиімді болады. Бір қойғанда 20-жылға дейін зауыт кепілдік береді.

 

Ақылбек АСАНОВ, МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫ:

 

Жылына мектепке 3 миллион 600 мың ақша бөлінеді. Мына мектепті жылы сумен және жылумен қамтамасыз еті үшін. Шағын шағын орталықта бойлер тұрған. Асханада, мектептің өзінде 4 КилоВттық бойлер тұрған.Ол бойлерлердің бәрін аламызды мынаны пайдаланамыз.

 

Сурет: mln.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер