Перудің солтүстік-шығысындағы таулы аймақта қар көшіп, бір топ альпинисті басып қалды. Ассошиэйтэд пресс агенттігінің хабарлауынша, апаттан соң 6 адам із-түссіз жоғалды. Олардың арасында Перудің 3 және  Мексиканың 3 азаматы бар. Оқиға биіктігі 6,7 шақырымды құрайтын Уаскаран тауында болған. Альпинистердің халықаралық тобы Перудегі ең биік тау шыңына шығуды көздеген екен. Оқиға орнына 3 сағаттан соң жеткен құтқарушылар қар құрсауынан бірнеше кісіні аман алып шықты. Қазіргі кезде оларға медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Жоғалғандарды іздестіру операциясы жалғасуда.

 

 

 

Сурет: ukrainianwall.com

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер