БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесі бейсенбі күні ұйымның бас хатшысы қызметіне 12 үміткер бойынша дауыс берудің алғашқы кезеңін өткізеді. Жабық есік жағдайында өтетін дауыс беру шарасына Кеңеске мүше мемлекеттің әрқайсысынан екі өкіл қатысады. Ал бюллетеньдерді Кеңес төрағасы ашық түрде  есептейтін болады. Сайлау нәтижелері жария етілмейді. Кандидаттарын ұсынған елдердің тұрақты өкілдеріне ғана олардың адамы қанша дауыс жинағаны туралы хабарланады. Ал дауыс берудің екінші кезеңі шілденің соңына жоспарланып отыр.

 

БҰҰ Бас хатшысы қызметіне ұсынылған 12 кандидаттың басым бөлігі – Шығыс Еуропаның өкілдері. Сондай-ақ, Португалия, Жаңа Зеландия, Аргентина және Коста-Рика елдерінен үміткерлер бар. Бұлардың барлығы Бас Ассамблеяда ашық тыңдау мен жабық кездесулерден сәтті өтіп, Ұйым тарихындағы алғашқы теледебаттарға қатысты.

 

БҰҰ-ның қазіргі басшысы – Оңтүстік Корея өкілі Пан Ги Мунның қызметі биыл 31-ші желтоқсанда аяқталады, ол бұл қызметті 2007-ші жылдан бері екі мерзім бойы атқарып келді.

 

 

 

Сурет: www.carnegiecouncil.org

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер