Ұлыбритания келер жылы Еуроодақ Кеңесіне төрағалық етуден бас тартты. Бұл туралы елдің премьер-министрі Тереза Мэй Еуропалық кеңестің төрағасы Дональд Тускпен телефон арқылы әңгімелесу барысында хабарлаған. Айта кеткен жөн, алдын ала бекітілген кестеге сәйкес, Еуроодақ кеңесіне төрағалық ететін елдер әрбір жарты жыл сайын ауысып отырады. Бұл мәртебені иеленген мемлекеттің премьер-министрі кеңестің төрағасы атанады. Ұлыбритания бұл міндетті 2017-ші жылдың екінші жартысынан бастап атқаруы тиіс болатын. Алайда, Тереза Мэйдің мәлімдеуінше, ел үкіметі дәл сол уақытта мемлекеттің Еуроодақтан шығу шарттарын талқылауы қажет.

 

Айта кетейік, бұған дейін Ұлыбританияның ішкі істер министрі болған Тереза Мэй 13-ші шілдеден бастап елдің премьер-министрі болып тағайындалды. Бұл қызметті бұған дейін атқарған Дэвид Кэмерон мемлекеттің Еуроодаққа мүшелігіне қатысты референдумның нәтижесі жарияланған соң отставкаға кеткен еді. 

 

Сурет: hvylya.net

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер