Атақты миллиардер Дональд Трамп Республикалық партияның атынан АҚШ президенттігіне үміткер болып бекітілді. Сәйкес шешім Кливленд қаласында өткен ұлттық партиялық құрылтайда қабылданды. Дауыс берудің нәтижесінде Трамптың кандидатурасына 2472 делегаттың 1725-і қолдау көрсетті.  Партияластарының алдында сөз сөйлеген ол өзіне артылған үмітті ақтауға бар күшін салатынын мәлімдеді. Трамптың президенттік сайлаудағы қарсыласы Хиллари Клинтон болады деп күтілуде. Демократиялық күштер оны алдағы аптада президенттікке ресми кандидат етіп сайлайды деп жоспарланған.

 

Айта кетейік, АҚШ-та 58-ші президенттік сайлау үстіміздегі жылдың 8-ші қарашасына белгіленіп отыр. Ел конституциясына сәйкес, қазіргі президент Барак Обаманың сайлауға үшінші мәрте қатысуға құқығы жоқ.  

 

Сурет: lenta.ru

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер