2016-шы жылдың маусым айы тарихтағы ең ыстық ай болды. Бұл туралы АҚШ-тың мұхит және атмосфералық зерттеулер басқармасы хабарлады. Метеорологтар  осымен 14-ші маусым қатарынан рекордты температуралық көрсеткіштер тіркеп отыр. Биыл аталған айда жер бетіндегі орташа температура Цельсий бойынша 16,4 градусты құраған, бұл 20-шы ғасырдағы барлық маусым айлары бойынша орташа мәннен шамамен 1 градусқа жоғары. Осы бағыттағы зерттеулерді АҚШ ғалымдары 1880-ші жылдан бері жүргізіп келеді. Олардың пікірінше, ауа температурасының жоғарылауы адамзат баласының әрекетіне және Тынық мұхитында түзілетін Эль-Ниньо құбылысының әсеріне байланысты. Жақында БҰҰ да жаһандық жылыну процесі жыл сайын әлем экономикасына 2 трлн доллар шығын әкелетінін хабарлаған болатын. 

 

Сурет: www.espanarusa.com

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер