Тайваньда туристер мінген автобус кенеттен отқа оранып, салдарынан 26 адам қаза тапты. Бұл туралы жергілікті ақпарат құралдары хабарлап отыр. Қайғылы оқиға Таоюань әуежайының маңындағы тасжолда  болған. Куәгерлердің айтуынша, жоғары жылдамдықпен келе жатқан жолаушылар көлігі жол жиегіндегі қоршауға соғылып, өртене бастаған көрінеді.  Автобуста Қытайдың Ляонин провинциясынан келген 24 турист және жүргізуші мен гид болған. Жергілікті басылымдар жолаушылардың ешбірі өртке оранған көліктен шыға алмағанын хабарлап отыр. Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер тілсіз жауды 20 минутқа жуық уақытта ауыздықтаған. Апаттың нақты себебі әзірге белгісіз. Тергеу амалдары жүруде. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер