Германияның оңтүстігінде балта және пышақпен қаруланған ер адам пойыз жолаушыларына бас салған. Бас-аяғы 15 кісі зардап шеккен. Бірнеше адам ауыр жарақат алды. Оқиға Тройхтлинген стансасынан Вюрцбургке бет алған құрамда болған. Шабуылдан соң қаскүнем пойыздан түсіп, ізін суытпақ болған екен. Алайда полиция қылмыскердің көзін жойып үлгерді. Тәртіп сақшылары оның 17 жастағы ауғандық босқын екенін анықтады. Оның мұндай әрекетке не себепті барғаны әзірге белгісіз. Қазіргі кезде Вюрцбург пен Оксенфурт арасындағы теміржол қатынасы тоқтап тұр.

 

Флориан ХУММЛЕР, ПОЛИЦИЯ ӨКІЛІ:

Вюрцбургке бет алған пойызда жолаушыларға шабуыл жасалды. Оқиғаға байланысты құрам Хайдингсфельдте шұғыл тоқтауға мәжбүр болды. Пойыздан қашып шыққан қылмыскерді полиция атып өлтірді.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер