Түркияның Ыстамбұл қаласында төтенше жағдай қайта енгізілді. Қоғамдық тәртіпті қадағалау үшін шаһарға қосымша 1800 полиция қызметкері тартылды. Бұл туралы Анадолу агенттігі хабарлап отыр. Ақпарат құралының мәліметіне сәйкес, билік полиция басшысына көкке арнайы рұқсатсыз көтерілген тікұшақтарды атып түсіру туралы нұсқау берген. 

 

Айта кетейік, күні кеше Ыстамбұлдағы Сабиха Гекчен атындағы әуежай маңында және Конья қаласындағы әуе базасында түркиялық билік мен әскери төңкеріс жасамақ болғандар қарулы қақтығысқа түскен еді. Соңғы ақпаратқа сәйкес, қанды жанжал кезінде 161 адам қаза тауып, 1440-қа жуығы жарақат алған. Түркия үкіметі бүліктің бірнеше сағаттан соң басылғанын хабарлады.

 

Еске салсақ, Түркияда шілденің 16-ысына қараған түнде әскери төңкеріс жасалмақ болған. Бүлікшілер осы мақсатта Анкара мен Ыстамбұлдағы стратегиялық маңызы зор бірнеше нысанды өз бақылауына алған еді. Ресми Анкара бұл бейберекетсіздіктің артында «Хизмет» қозғалысының жетекшісі Фетхуллах Гүлен мен оның жақтастары тұрғанын мәлімдеуде.

 

Сурет: www.elarna.com
 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер