Джеймс Джонсон есімді азамат елес қаланы 360 мың долларға сатып жібермекші, - деп жазады Tengrinews.

 

Желіде өзін Кэбин-Крик қаласының иесі деп санайтын Джеймс Джонсон қаланы сатылымға шығарды. Джеймстің айтуынша, ол қаланы 260 мың фунтқа емес, 360 мың долларға түсіріп, сатпақшы. Ал қаланы сатқан соң, ол сол қаражатқа саяхаттауды жоспарлап отыр екен.

 

Айта кетейік, Кэбин Крик қаласы 1970-жылдары бірнеше қылмыстан кейін елес қала болып кеткен. Онда қазір ешкім тұрмайды, бірақ қаладағы ғимараттардың жағдайы жақсы екен. Дүкендер, дәмханалар, тұратын үйлер де бар. Сонымен қатар, Джонсон бұл қаладан аттракцион жасамақшы болған, бірақ ол ісі оңға баспады. Енді қалашық жаңа иесін күтіп тұр.

 

Сурет: Tengrinews

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер