АҚШ-тың Луизиана штатындағы Батон-Руж қаласында белгісіз біреу полиция қызметкерлеріне оқ жаудырып, 3 тәртіп сақшысы қаза тапты. Тағы жетеуін жаралаған. Атыс кезінде қаскөйдің көзі жойылды. Белгілі болғаны ол бұған дейін АҚШ-теңіз әскерінде қызмет атқарған афроамерикалық. Полиция қызметкерлері қарулы адамдардың үшеу екенін екеуі оқиға орнынан дереу ізін суытқанын айтады. Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша атыс болған маңай түгел қоршауға алынып, тұрғындарға үйден шықпауға кеңес берілген. Айта кету керек, соңғы кезде АҚШ-та белгісіз біреулердің полицияға шабуыл жасау әрекеттері көбейіп кеткен. Бірер күн бұрын Даллас қаласында полицияға шабуыл жасалып, қаскөйдің қолынан 5 полиция қаза тапқан болатын.

 

Сурет: Euronews

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер