Ыстамбұл тұрғындары елде төңкеріс жасау әрекетін айыптайды. Бейбіт тұрғындар президент Режеп Тайып Ердоганның үндеуіне құлақ асқан. Азаматтар заңды билікті қолдап, түнде көшеге шығып, бүлікші әскерилерге қарсылық көрсетті.

 

Ыстамбұл тұрғыны:

Бәрі әскерилерге қарсылық көрсеткенімен, кімнің өлгісі келеді дейсіз? Қаншама адам қаза тапты, жараланды. Жауынгерлер ауаға емес, тура адамдарға атты. Олардың біздің әскерилер болғанына сену қиын.

 

Али ЯВУЗ, ЫСТАМБҰЛ ТҰРҒЫНЫ:

Түнде менің немере інім қаза тапты. Еш жазықсыз. Қазір оны жерлеуге бара жатырмын. Түндегі оқиға туралы не айтуға болады? Мемлекетке осындай қастандық жасағандар – нағыз арсыз адамдар.

 

 

 

Сурет: time.com

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер