Ниццадағы терактіден кейін жүргізілген тергеу шараларының нәтижесінде француз полициясы үш адамды қамауға алды. Олардың барлығы қаскүнеммен байланыста болған. Арасында шабуылдаушының бұрынғы әйелі де бар. Еске салсақ, жүк көлігіне мінген 31 жасар тунистік ұлттық мереке күні Англия жағалауына жиналған мыңдаған халықты қағып-соғып, 84 адамның өмірін қиған. Тағы 200-ге жуық азамат жараланған. Қайғылы оқиғадан кейін Франция аумағында үш күндік аза тұту жарияланды.

 

 

 

Сурет: www.npr.org

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер