Моңғолиядағы "Азия-Еуропа" АСЕМ форумының 11-ші саммиті бір минут үнсіздікпен басталды. Осылайша, форумға қатысушы елдердің президенттері мен үкімет басшылары Ницца қаласындағы қастандықты айыптап, француз халқының қайғысына ортақтасатындарын білдірді.

 

Цахиагийн ЭЛБЭГДОРЖ, МОҢҒОЛИЯ ПРЕЗИДЕНТІ:

 

Біз Азия -Еуропа елдерінің 11-саммитіне қатысушылар Франция және Еуропа жұртымен әрқашан біргеміз. Қаза болғандарды бір минут үнсіздікпен еске алуды өтінемін.

 

Бүгінде АСЕМ құрамына Азия мен Еуропаның 53 мемлекеті мүше. Ұйымның 11-ші кездесуіне Қазақстан Республикасының премьер-министрі Кәрім Мәсімов қатысуда. Монғолия астанасындағы жиынға Еурокомиссия төрағасы Жан-Клод Юнкер мен Еурокеңес төрағасы Дональд Туск те келген.

 

Дональд ТУСК, ЕУРОПАЛЫҚ КЕҢЕС ТӨРАҒАСЫ:

 

Ең алдымен президент Элбэгдорждың ниеттестік білдіргені үшін алғыс айтамын. Бұл - өте қайғылы жағдай. Қастандықтан бостандық пен бауырластық мерекесін тойлап жүрген бейбіт адамдар көз жұмды. Бүкіл Еуропа және Азия француз жұрты мен үкіметімен біргеміз. Бірлесе отырып одан әрі зорлық-зомбылық және қастандықпен күресті жалғастыратын боламыз.

 

Сурет: asiarussia.ru

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер