Еуропа халқын лаңкестік әрекеттер үрейлендіріп отыр. Мысалы, Германия азаматтары 2001 жылы Нью-Йорктегі шабуылдан кейін үреймен өмір сүріп келетін көрінеді. Сауалнама нәтижесіне сәйкес, тұрғындардың 58 пайызы қауіпсіз жарқын өмір сүру қамына кіріскен. Бір жыл бұрын Шарли-Эбдо француз журналының ғимаратына жасалған лаңкестік адамдардың ұйқысын қашырды. Террорлық әрекеттен қауіптенген тұрғындар саны қазір 73 пайызға жетті. Сондықтан немістер шетел асып саяхаттауды доғарды.  

 

Маттиас, БЕРЛИН Қ. ТҰРҒЫНЫ:

 

Алдағы уақытта мен Мысыр мен Түркия елдерінде демалудан бас тартатын шығармын. Осында қаламын. Адам көп жиналатын жерлерге бармауға тырысамын.

 

Интерполдың мәліметтеріне сүйенсек, өткен жылы Еуропада болған және беті қайтарылған 200 лаңкестік әрекет тіркелді. 1000-нан астам күдікті ұсталды. Халық арасында елге босқындардың келуімен бірге, лаңкестер де көбейеді деген пікір қалыптасты. 

 

Ангела МЕРКЕЛЬ, ГЕРМАНИЯ КАНЦЛЕРІ:

 

Еуропада тұрып өскен лаңкестер өте көп. Олар Сирияда дайындықтан өтіп, Еуроодаққа қайтып келіп жатыр. Оларға мемлекетімізге босқындардың ағылып келіп жатқандығы өте ыңғайлы. Сондықтан бұл мәселені бәріміз бірге шешуіміз керек.

 

Енді ұялы телефонға арналған сим картаны да төлқұжатсыз ала алмайсыз. Германияда қабылданған лаңкестікке қарсы жаңа заңда осындай тыйым бар. Осы арқылы лаңкестердің байланысына бөгет қойылмақ. Сондай-ақ, елдің  арнайы қызметі өзге мемлекеттермен етене жұмыс істей бастады. Ал халық үкіметке сенім артып отыр.  

 

Сурет: www.turetno.com

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер