Тереза Мэй Ұлыбритания премьер-министрі атанды. Консервативтік партияның көшбасшысы Біріккен Корольдік патшайымы Елизавета Екіншінің ресми қабылдауынан кейін "Даунинг стриттегі" резиденцияға келді. Жаңа лауазымға бекітілген сәттегі алғысөзінде Тереза Мэй әлеуметтік әділетсіздікпен белсене күресуге уәде берді. Бірақ оның айтуынша, бұл шаралар "Ұлыбританияны әр азамат еркін өмір сүре алатын елге айналдыру үшін жеткіліксіз".

 

Тереза МЭЙ. ҰЛЫБРИТАНИЯ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ:

Аса Мәртебелі Патшайым маған жаңа үкімет жасақтауды тапсырды. Менің алдымда билік тізгінін ұстаған Дэивд Кэмиерон қазіргі заманның ұлы премьер-министрі екенін дәлелдеді. Ал мен басқаратын үкімет таңдаулы бірнеше адамның мүддесі үшін емес, барлығымыз үшін жұмыс істейтін болады. Біз сіздерге өз өмірлеріңізге көбірек бақылау жасауға молынан мүмкіндік бермекпіз.

 

Айта кетейік, Тереза Мэй Ұлыбритания тарихында премьер-министр болған Маргарет Тэтчерден кейінгі екінші әйел. Кэмерон басқарған үкіметте ол ішкі істер министрі қызметін атқарған. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер