Cирияда көтерілісшілер Кенсаба қаласын басып алды

Cирияда көтерілісшілер Кенсаба қаласын басып алды

Сириялық көтерілісшілер Латакия провинциясындағы Кенсаба қаласын қайта басып алды. Үкіметтік әскер ресейлік авиацияның қолдауымен бұл қаланы биыл ақпан айында босатқан еді. Түркиямен шекараға жақын таулы аймақтағы қыратта орналасқан Кенсаба - стратегиялық маңызы зор қала. Латакия провинциясы Сирия президенті Башар Асадтың басты тірегі саналады. Онда ресейлік әскери-әуе база орналасқан. 

 

 


Сурет: nk.org.ua