Түркияның Диярбакыр провинциясында жойқын жарылыс болып, 8 адам жараланды. Олардың екеуі полиция қызметкері, алтауы бейбіт тұрғын. Соңғы мәліметтерге қарағанда, қаскөйлердің көздегені - тәртіп сақшылары болған. Себебі көлікке жасырылған жарылғыш полицейлердің жанына келгенде іске қосылған. Жергілікті арналар қастандықты Күрдістан жұмысшылар партиясы ұйымдастырғанын хабарлады. Ал жапа шеккендердің барлығы маңайдағы ауруханаларға жеткізілген.

 

 

 

Сурет: mk-turkey.ru

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер