Әлем

Т.Ердоған Ресеймен байланыс қалпына келетініне сенімді

28.06.2016 13:05

Түрік елінің мемлекет басшысы Режеп Тайып Ердоғанның Ресей Федерациясының президенті Владимир Путинге жолдаған хаты қос елдің ақпарат құралдарында қызу талқыға түсті. Онда Түркия президенті «ұшақ» оқиғасында қаза тапқан ұшқыштың отбасына қайғыра көңіл айтып, кешірім сұраймын» деген болатын.  Кеше кешкісін Тайып Ердоған Бештепе сарайында берген ауызашарда екіжақты байланыстарды қайта қалыпқа келтірудің маңыздылығын тағы да тілге тиек етті. Оның айтуынша, Ресеймен арадағы «ұшақ» дағдарысынан туындаған жағымсыз әсерді жою бойынша Түркия тиісті қадамдар жасап келеді. Ал түрік елінің үкімет жетекшісі Бинали Йылдырым алдағы сәрсенбі не бейсенбі күндері екі елдің мемлекет басшылары телефон арқылы сөйлесетінін мәлім етті.

 

Режеп ТАЙЫП ЕРДОҒАН, ТҮРКИЯ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Ресеймен қарым-қатынасымызды жаңаша жандандыру мақсатында жіберілген хат екі елге бірдей жағымды әсер етеріне сенемін. Путин мырзаға жолдаған хатта орын алған оқиғаға қатысты өкінішімді білдірдім және өңірлік ынтымақтастық бойынша мол мүмкіндеріміздің бар екенін есіне салдым. Қос мемлекетке зиянын тигізген бұл оқиғаларды артқа тастап, байланыстарымызды тез арада қалыпқа келтіре алатынымызға сенемін.

 

 

 

Сурет: www.bbc.com

Ілмектер
Көргендер саны: 278
Жаңалықпен бөлісу