Әлем

Тынық мұхиты пластик қоқыстардан тазартылады

28.06.2016 11:56

Тынық мұхиты пластик қоқыстардан тазартылады. Солтүстік теңізде су бетінде қалқып жүретін қалдықтарды сүзетін бөгет орнатылды. Жобаны 22 жастағы голландиялық зерттеуші Боян Слэт ұсынған. Бұл ретте мұхиттық ағыстарға кесе көлденең жүз шақырымдық бөгеттер орнату көзделген. Бөгеттер бір-біріне байланған үрлемелі жастықтардан тұрады. Олар қоқысты бір жерге жинап кейін ол қайта өңдеуге жіберіледі. Мамандардың есебінше жыл сайын Тынық мұхитына 8 миллион тона пластик қоқыс түседі. Ол негізінен Калифорния мен Гавай аралдары арасындағы 5 жерде шоғырланған. Бұған мұхит ағыстарының иірілуі себеп. Солтүстік теңізде осы бөгеттің кішірейтілген түрі орнатылған. Оның ұзындығы 100 метр ғана. Ал мұхитқа алып бөгеттер орнатар алдында оны жиі дауыл соғатын әрі ағысы күшті Солтүстік теңізде сынақтан өткізбек.  

 

 

 

Сурет: lednews.ru

Көргендер саны: 250
Жаңалықпен бөлісу