Әлем

Шанхайдағы ЕХРО музейі әріптестікке дайын

27.06.2016 19:14

Шанхай ЕХРО музейі директорының орынбасары Юй Чжэньюй Астана көрмесінен кейін бас ғимаратты қаржы орталығына беруі өте ұтымды шешім деп санайды. 70 млн адам тамашалаған Шанхай көрмесінің басы-қасында жүрген білікті маман қазақстандық ұйымдастырушылармен әріптестік орнатуға әзір.

 

Юи ЧЖЭНЬЮЙ, ШАНХАЙ ЕХРО МУЗЕЙІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

 

Қазақстан әлі де біз үшін құпиясын аша қоймаған және көруге асығатын ел деп ойлаймын. Естуімше, Астанада өтетін ЕХРО-ға қытайлық туристер көбірек баруы мүмкін. Ең бастысы осы көрші мемлекеттерден келетін саяхаттаушыларға  барынша жақсы таныстыру жұмыстарын жүргізу керек.  Бұл тұрғыда қазақстандық әріптестерімізге көмектесуге әрқашан әзірміз.

Шанхай көрмесі өтерде Қытай уақытша және ұзақ мерзімге деп екі түрлі ғимарат тұрғызды. Мына темір павильондар таяуда сүріліп тасталмақ. Ал көрменің басты ғимаратын қазір қайта жөндеуден өткізіп жатыр. Мұнда ЕХРО музейіне арналған үлкен зал орналасады. Жұрт 2010 жылғы Шанхай көрмесіне саяхат жасап, тіпті Астанада паш етілетін тың жаңалықтармен танысып қалуы мүмкін.   

 

У ЦИН, ШАНХАЙ КӨРМЕ ҚҰРЛЫС ЖӘНЕ ДАМУ ЖӨНІНДЕГІ СЕРІКТЕСТЕСТІК БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

 

Ғимаратты осы жылдың аяғында қолданысқа береміз. Мұнда келушілер  2010 жылғы ЕХРО ны қайта тамашалауға мүмкіндік алады. Сонымен қатары, 2017 жылғы Астанада өтетін ЕХРО көрмесінде жақсы қабылданған экспонаттарды да осы музейге қою жоспарымызда бар.

 

Шанхай әкімшілігі бұдан бөлек ЕХРО-ның шағын ғимараттарын халық демалатын ойын-сауық, сауда орталығына айналдырып жіберген. Жергілікті тұрғындардың айтуынша кешқұрым туристер қаптайды екен.

 

Гунь МЭЙЖЕ, ШАҢХАЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

 

Қазір бұнда сауда орталығы, кинотеатр, кафелер орналасқан. Демалыс күндері жұрт осы жерге жиналады. Мүнда бәрі бар. Ал оң жағымдағы бұл ЕХРО ғимараты қытай залы, қазір мәдени орталыққа айналған.

 

Шанхай көрмесі 2010 жылы 184 күн бойы өтті. Тақырыбы – «Жақсы қала - жақсы өмір». Қазақстан ол көрмеге "Астана -  Еуразия жүрегі" деген тақырыпта қатысты. Шараға 198 мемлекет пен 27 халықаралық ұйым келген. 

 

Сурет: www.russianshanghai.com

Көргендер саны: 267
Жаңалықпен бөлісу