Жаңа Панама каналы ашылды

Жаңа Панама каналы ашылды

Арнасы кеңейтілген Панама каналымен Қытайдың 9 жарым мың контейнер тиеген жүк кемесі өтті. Әлем үшін маңызды жобаны іске қосу кезінде келеңсіз жағдай болған. Канал әкімшілігінің сүйретпе су көлігі кемемен соқтығысып 19 адам жарақат алды. Бұл жоба 20-ғасырда халықаралық теңіз саудасында басты жолға айналды. Өткен жүзжылдықтың басында өтетін кемелер саны құрылысшылардың күткенінен де асып кеткен. Сондықтан су көліктерінің 30 пайызы симай, кедергілер туындады. Ақыры каналды кеңейту керек деген шешім қабылданған. Осылайша су арнасының жүк өткізу мүмкіндігі жылына 300 миллионнан 600 миллион тоннаға дейін ұлғайды. 

 

Хорхе КИХАНО, ПАНАМА КАНАЛЫНЫҢ ӘКІМГЕРІ(ГЛАВА АДМИНИСТРАЦИИ КАНАЛА):

 

102 жыл бұрын Панама каналы Тынық және Атлант мұхиттарын жалғады. Енді бұл арна бүгін мен болашақ арасында алтын көпірге айналды. Панама каналы, аймақтық қана емес, сондай-ақ халықаралық сауда-саттық саласында маңызды ойыншы болады.

 

Сурет: www.tvc.ru