Лондонда тек ғана су сататын бар ашылды - Kazakh TV

Лондонда тек ғана су сататын бар ашылды. Бұл туралы 24KZ хабарлайды. Оксфорд-стриттен ашылатын бұл бар АҚШ-та осыдан бірнеше жыл бұрын пайда болған барлардың үрдісіне еріп, тек ғана су сататын болады. Естеріңізге сала кетсек, 2013 жылы Лос-Анджелесте ашылған «Рэй мен Старк» атты бар өз мәзірінде судың 20 түрін ұсынған еді. «Судың дәмі бар. Ендеше неге судың алуан түрінен мәзір жасап шығармасқа? - дейді неміс сомельесі (мейрамхана ісіндегі шарап жөнінен білгір) Мартин Ризе. - Бұл үшін құрамында түрлі минералы бар және дәмі түрлі суды тауып алып, сату керек. Егер сіз олардың бірінен соң бірін татып көрсеңіз, судың да алуан түрлі болатынына көз жеткізесіз. Шарап секілді, судың да қай жерден, тіпті қанша тереңдіктегі жерден алынғанын оның дәміне қарап айтуға болады».



Сурет: 24.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер