«Боко Харам» ұрланған қыздар түсірілген бейнежазбаны жариялады

«Боко Харам»  ұрланған қыздар түсірілген бейнежазбаны жариялады

«Боко Харам» тобы осыдан екі жыл бұрын Чибок қаласында ұрланған қыздар түсірілген бейнежазбаны жариялады. Ел билігіне жолданған бейнероликте қара киінген 15 шақты қыз көрсетілген. Олардың кейбірін ата-аналары таныған екен. «Боко Харам» содырлары осыдан екі жыл бұрын Борно штатындағы мектепті шабуылдап, 300-ге тарта оқушы қызды ұрлап әкеткен еді. Бірнеше бала кейін тұтқыннан қашып шыққан еді. 200-ден астам қыздың тағдыры әлі күнге дейін белгісіз.   

 

 

Фото: ru.zhambylnews.kz