Дубай қаласында өтетін «ЭКСПО-2020» халықаралық көрмесіне дейін Біріккен Араб Әмірлігінің билігі жаңа көп қабатты ғимарат салуға ниет білдіріп отыр, деп жазады Казинформ.

 

Жаңа мұнара «Dubai Creek Harbour» ауданының даму орталығына айналмақ және ол қазіргі ең биік ғимарат «Бурдж-Халифадан» біршама ұзын болады. Бұл туралы Дубайда өткен баспасөз-маслихатында «Emaar Properties» холдингінің төрағасы Мохамед Алаббар мәлім етті. 

 

«Жаңа ғимараттың ұзындығы туралы нақты ақпаратты әзірге құпия сақтаймыз. Мүмкін оның нақты санын ғимарттың ашылуында ғана жария етерміз. Ол Бурдж-Халифадан бір саты биік болады», - деді М.Алаббар. 



Оның айтуынша, көп қабатты жаңа ғимарат шығыны 1 млрд. АҚШ долларына бағаланып отыр. Оның құрылысы биылғы жылдың жазында басталып, Дубайда өтетін ЭКСПО-2020 халықаралық көрмесі қарсаңында аяқталуы тиіс. 


Жаңа ғимарат архитекторы швейцариялық - Сантьяго Калатрава.

 

Сурет: Казинформ

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер