Жаңа Зеландияның оңтүстігінде алапат дауыл су тасқынына ұласты. Ауа-райының қолайсыздығынан аймақтағы өзендер арнасынан асып, тасыды. Екпіні секундына 40 метрге дейін жеткен күшті жел электр желілерін үзген. 20 мыңға жуық баспана жарықсыз қалды. Табиғат апатынан курорттық аймақтағы туристер де зардап шекті. 200-ге жуық демалушы қонақүйлерден уақытша паналау орталығына көшуге мәжбүр болды. Бүгін таңертең дауылдың тегеуріні күшейіп, ол елдің солтүстік бөлігіне қарай ығыса бастады.

 

 

Сурет: www.geoffmackley.com

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер