Сомали астанасы Могадишода болған жарылыстан 3 полиция қызметкері қаза тапты. Рейтердің хабарлауынша, автокөлікке орнатылған  жарылғыш құрылғылар полиция бөлімшесіне жақын жерде іске қосылған екен. Шабуыл үшін жауапкершілікті «Аш-Шабаб» тобының содырлары өз мойнына алды. Аталған ұйымның өкілдерінің мәлімдеуінше, жарылыстан 10 тәртіп сақшысы көз жұмған.   

 

Әли МОХАМЕД ХИРСИ, ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ ӨКІЛІ:

Біз жарылған автокөліктің ішінде болған жанкештіні ұстадық. Ол шабуылдан соң аман қалыпты. Өкінішке орай, біздің 3 офицеріміз қаза тапты. Қазір оқиғаға қатысты тергеу амалдары жүріп жатыр.  

 

Бұған қоса, полицияның хабарлауынша, аймақта тағы бір жарылғыш зат іске қосылған екен. Абырой болғанда, екінші шабуылдан ешкім зардап шекпеген. Себебі тәртіп сақшылары лаңкестерді жарылыстан бұрын байқап, жедел әрекетке көшіп үлгерген. 

 

 

 

Сурет: riafan.ru

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер