Перудің 10 аймағы су тасқындарынан зардап шекті. Өткен тәулікте мұндағы кейбір елді мекендерде 10 сағат бойы тоқтаусыз нөсер жауған. Апаттан қатты зардап шеккен өңірлерден жүздеген адам эвакуацияланды. Тұрғындардың дүние-мүлкі бүлінді. Жаңбырмен қоса, күннің ыстығы да әбігерге салды. Перуде дәл қазір ауа температурасы +40 градус шамасында, ал ылғалдылық деңгейі жоғары болғандықтан, ол +50 градустай сезіледі. Метеоролдогтар алдағы үш күнде ауа райы өзгере қоймайтынын айтып отыр. Перудегі табиғат апатына Эль Ниньо деп аталатын құбылыс себеп. Бүгінде оңтүстікамерикалық бірнеше мемлекет осы құбылыстың әсерін сезіп отыр.

 

 

 

Сурет: strangesounds.org

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер