"Менің анам".  Елордада өтіп жатқан кішкентай бүлдіршіндердің сурет көрмесі осылай аталады. Онда мектеп оқушылары аналарына деген ыстық сезімдерін түрлі-түсті бояулар арқылы жеткізуге тырысқан. Бірі ананың жарқын келбетін салса, енді бірі - табиғат кескінін бейнелеген. Бөбектердің шығармашылығын ата-аналары мен ұлттық мұражайға келген меймандар тамашалады. Домбырамен күй тартылып, ардақты аналарға арнап бірнеше тілде тақпақтар да оқылды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, суреттердің көркемділігі емес, балалардың ниеті бәрінен де маңызды.

 

Самал ҒАЛИЕВА, 4-ШІ СЫНЫП ОҚУШЫСЫ:

 

Айналайын ақ анам,

Жарқын жүзді жан анам

Сендей болсын бар адам

Сендей болса бар адам шаттық кетпес баладан.

 

Арнұр АМАНТАЙҰЛЫ, 4-ШІ СЫНЫП ОҚУШЫСЫ: 

 

Мынау суретті өз анама салдым.Өйткені мен анамды жақсы көремін.Мен бүкіл жердің аналарына денсаулық,зор байлық тілеймін.

 

Сурет: www.nurorda.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер