Италияда босқындар арзан жұмыс күшіне айналған - Kazakh TV

Италияда мыңдаған келімсек бір күндік азық үшін жұмыс істеп, алқапта ұйықтауға мәжбүр. Құлдық жағдайда тіршілік кешіп жатқандар жүзім, апельсин және зәйтүн жемісін жинайды. Күнделікті тамағын табуға ұмтылған олар Италияның тегін жұмыс күшіне айналып барады, деп жазады 24KZ. Бүгінде олардың саны 400 мыңнан асқан, басым көпшілігі – шетелдік. Шақырайған күннің астында алқапта апельсин жинау жұмысы өте ауыр. Мұнда келгендер Италия мен Еуропаны бұлай деп елестеткен жоқ. Жергілікті фермерлерге арзан жұмыс күші керек. Ал көптеген мигрант бұл жерде тек бір күндік тамағы үшін ғана еңбек етуде.

 

Сурет: voisvet.ru

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер