Басқа елден келетін тауарларға бақылау күшейді

Басқа елден келетін тауарларға бақылау күшейді

Қырғызстанда Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен келетін  тауарларды тіркеуге байланысты жаңа ереже енгізілді. Енді қырғыз еліне әкелінетін өнімдер мен  заттарға байланысты бірнеше күн бұрын салық органдарына хабарлау керек. Бұл уақыт салық қызметкерлеріне кәсіпкерлікпен айналысып, басқа елдерден тауар тасымалдаушы адамның жұмысында заң бұзушылық болмағандығын, қазыналық кірістегі органдардың алдында қарызы жоқ екенін тексеруге мүмкіндік береді. Осы уақытқа дейін кәсіпкерлер Қырғызстанға тауарды арнайы талон арқылы тасымалдап келді. Ел аумағына өткен кезде шекарашылар жүкке арнайы таңба қоятын. Алайда бұл талондағы мәліметтер көбіне азайтып белгіленіп келген.       

 

Замир ОСМОНОВ, ҚР МЕМЛЕКЕТТІК САЛЫҚ ҚЫЗМЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

 

Біріншіден біз импорт тауарлары бойынша түсетін салықтан көп ұтылдық. Бәсекелестік қағидасы өте қатты бұзылған. Салықты заңды төлеп отырған компаниялар сырттан көлемін азайтып сол арқылы арзан бағамен тауар әкелушілермен бәсекелестікке түсе алмайды.  

 

Сурет: eurasiatx.com