Женевада Сириядағы ахуалды тұрақтандыру бойынша бейбіт келіссөздерде үзіліс жарияланды. Тараптар 25-ші ақпанда қайта кездеспек. Бұл туралы БҰҰ бас хатшысының арнайы елшісі Стаффан де Мистура сириялық оппозиция өкілдерімен кездесуден соң хабарлады.

 

Стаффан де Мистура, БҰҰ бас хатшысының арнайы елшісі:

 

Бір аптаға созылған алдын-ала келіссөздерден соң, барлық мүдделі тараптар жұмысты ары қарай жалғастыруы тиіс деген ұйғарымға келдік.

 

Ал жиынға қатысушы тараптар болса, келіссөздің үзілгені үшін бір-бірін айыптады. Сирия үкіметінің өкілдері оппозиция кездесуге қатысуға құлықсыз болғанын айтады. Және оларға Женевадан кетуге Сауд Арабиясы, Қатар мен Түркия елдері нұсқау берді деп есептейді. Оппозиция болса, үкіметтік делагация келіссөздің нәтижелі өтетініне әу-бастан сенбеген дейді.

 

Еске салсақ, осы кездесудің өзі алдымен қаңтардың 25-іне белгіленіп, бірнеше рет кейінге шегерілген еді. 

 

Сурет: euronews

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер