Грекияда теңізшілердің 48 сағаттық ереуілі өтіп жатыр. Олар осылайша үкіметтің зейнетақы реформасына қарсылық білдіруде. Наразылық шарасына байланысты аймақта паром қатынасы тоқтап тұр.

 

Антонис ДАЛАКОДЖИОРГОС, ТЕҢІЗШІЛЕР ОДАҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Үкімет жоспарына сәйкес зейнетқаы мен барлық төлемақылардың мөлшері азаймақ. Биліктің бұл жоспары әлеуметтік қамсыздандыруды, жалпы халықты құрдымға әкелетіні анық.

 

Айта кетейік, зейнетақы реформасы мен салық көлемін ұлғайтуға қарсы ереуілдер барлық Грекия бойынша өтіп жатыр. Үкіметтің бұл жоспарына қарсы фермерлер бір аптадан бері тракторлармен жолдарды бөгеп, наразылықтарын білдіріп жатыр. Бұған қоса, бейсенбі күні елдегі тілшілер де ереуілге шықты. Осының салдарынан гректер бір тәулікке жаңалықтарсыз қалмақшы. 

 

 

 

Сурет: www.morvesti.ru

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер