Босқындар Германиядан елдеріне орала бастады

Босқындар Германиядан елдеріне орала бастады

Бас сауғалап қашқан  босқындардың арасында Отанына қайтам деушілер қатары  күн санап артып келеді. Германия  Ішкі істер министрлігінің мәліметтерінше, бұл үрдіс былтыр қыркүйекте басталған. Алғаш 61 ирак азаматы осындай шешім қабылдаса, іле-шала  желтоқсанда еліне қайтқандар 200 адамнан асқан. Қазір Иракқа бет алғандар Күрдтердің Эрбиль қаласына жетті. Көбінің қолында құжаттары жоқ.  Арасында балалы  отбасылар саны басым. Еуропадан үміт үзгендер бірауыздан "жұмақ" өмірдің жалған екенін айтуда. Барған елден пана сұрағанымен, онысынан ештеңе шықпаған. Оның үстіне күн суықта жасалған қамқорлығы мен берген азығының аздығына ашынған.

 

 

 

Сурет: sputniknews.com