АҚШ-та күн райының бұзылуынан мыңдаған әуе рейсі кейінге шегеріліп жатыр. Жұма мен сенбі күндері елдің шығыс жағалауында қалың қар түседі деп күтілуде. Кейбір аймақтарда оның қалыңдығы 60 сантиметрге дейін жетуі мүмкін. Осыған байланысты United әуе компаниясы орталық Атлант аймағындағы барлық рейстерді тоқтататынын хабарлады. Кейін басқа да әуе тасымалдаушылар осындай шешім қабылдады. Осылайша, жұма күні бас-аяғы 2200 әуе рейсі орындалмайтын болды. Жергілікті халық алдын-ала қамданып, дүкендерден керек-жарақтың барлығын алуға асыққан. Қоғамдық мектептер, балабақшалар мен мемлекеттік мекемелер уақытша жабылды.

 

Айта кетейік, Вашингтон тарихындағы ең қалың қар 1922 жылы түскен болатын. Ол кезде оның мөлшері 71 сантиметрді құрады. 

 

Сурет: travelingprofessor.com

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер