Қытайдың Цинхай провинциясында магнитудасы 6,4 балдық жер сілкінісі болды. Бұл туралы Ассошиэйтэд пресс агенттігі хабарлады. Жерасты дүмпулері жергілікті уақыт бойынша 01:13-те Хайбэй-Тибет автономды округіндегі Мэньюань уезінде болған. Зілзала ошағы 10 шақырым тереңдікте тіркелген екен. Жер сілкінісі Синин қаласы мен көршілес Ганьсу провинциясында да сезілді.  Апаттан қаза тапқандар мен жарақат алғандарға қатысты ақпарат жоқ. 

 

 

 

Сурет: www.theguardian.com

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер