Атышулы Ирак пен Левант лаңкестік тобының содырлары тағы бір көне жәдігерді тас-талқан етті. Бұл туралы Ассошиэйтэд пресс агенттігі хабарлады. Спутниктен түсірілген суреттерге сәйкес,  экстремистер Ирак аумағындағы христиандық монастрьді жермен жексен қылған екен. Осыдан бір мың 400 жылдан астам уақыт бұрын салынған көне ғимарат Мосулдағы ең ежелгі ескерткіштердің бірі саналған.    

 

Сурет: news.ivest.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер