Пәкістанның Чарсадда қаласындағы университетке жасалған қарулы шабуыл үшін жауапкершілікті «Талибан» қозғалысының жергілікті бөлімшесі өз мойнына алды. Бұл туралы жергілікті ақпарат құралдары хабарлады. Тәліптердің мәлімдеуінше, бұл шабуыл пәкістандық биліктің Ауғанстанмен шекаралас жердегі тайпалар аумағында жүргізіп жатқан антитеррористік операциясына жауап ретінде жасалған.

 

Айта кетейік, оқиға сәрсенбі күні таңертең Бача Хан университетінің аумағында болды. Соңғы ақпаратқа сәйкес, шабуылдан 25 адам қаза тапты. Олардың дені- студенттер. Жарақат алған 50 кісінің көбі ауыр халде. Жергілікті полиция аймақтағы лаңкестерге қарсы операцияның аяқталғанын хабарлады. 

 

Бача ХАН, УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТІ:

 

Осындағы дүрбелең мен қорқыныштан менің досым терезеден секіріп кетті. Үрейі қашқан ол тіпті ғимараттың өте биік екеніне де қарамады. 

 

Сурет: lifenews.ru

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер