Пәкістанда содырлардың шабуылынан 25 адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews. Атыс кезінде 50-ден аса адам жарақат алды.

 

Басылымның мәліметінше, содырлар тобы Чарсадда қаласындағы университеттердің біріне сәрсенбі күні таңертең басып кірді. Қазіргі кезде атысты ұйымдастырған төрт адамның көзі жойылғаны хабарланып отыр. Кейін университетке жалпы сегіз адамның шабуылдағаны белгілі болды.

 

Айта кетейік, шабуыл кезінде оқу мекемесінде шамамен 3 мың студент болған. Қылмысты елдегі "Талибан" ұйымы өз мойнына алды.
 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер