Пәкістанда университетке қарулы шабуыл жасалып, 1 адам қаза тапты

Пәкістанда университетке қарулы шабуыл жасалып, 1 адам қаза тапты

Пәкістанның Хайбер-Пахтунхва провинциясында университетке қарулы шабуыл жасалды. Рейтердің хабарлауынша, оқиға кезінде оқу орнының профессоры қаза тапқан. Тағы 50 кісі жарақат алды. Қаскүнемдер сәрсенбі күні таңертең оқу орнының аумағына баса көктеп кіріп, жан-жақтағыларға оқ атты. Куәгерлер, сондай-ақ, аймақта екі бірдей жойқын жарылыстың да болғанын айтты. Оқиға орнына жеткен әскерилер мен полиция өкілдері қылмыскерлермен қарулы қақтығысқа түсті. Шабуылдаушылардың нақты саны белгісіз. Десе де, жергілікті ақпарат құралдарының бірі топта 4 адамның болғанын хабарлады.    

 

Сурет: sunlightfoundation.com