Гаити астанасы Порт-о-Пренсте оппозицияны жақтаушы мыңдаған адам тағы да ереуілге шықты. Наразылық шарасы елдегі президент сайлауының екінші кезеңі қарсаңында ұйымдастырылған.

 

Демонстранттар автокөлік дөңгелектерін өртеп, тәртіп сақшыларына тас лақтырды. Ал, полиция оларға жауап ретінде көз жасаурататын газ шашуға мәжбүр болды.

 

Айта кетейік, Гаитиде президенттік сайлаудың алғашқы кезеңі былтырғы жылдың қазанында болған еді. Оның нәтижесінде келесі кезеңге «Тет Кале» партиясынан Жовенель Моиз бен оппозиция өкілі Жюд Селестан өтті. Ал, мемлекеттің қазіргі басшысы сайлауға түскен жоқ. Дауыс берудің екінші кезеңі 24-ші қаңтарға белгіленіп отыр. Бұған дейін ол екі рет кейінге шегерілген еді. Себебі оппозициялық үміткер бірінші турда бірқатар заңбұзушылықтың болғанын айтқан.     

 

Сурет: herefordheckler.co.uk

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер