Жапонияда бораннан 50 мың үй жарықсыз қалды

Жапонияда бораннан 50 мың үй жарықсыз қалды

Жапонияның Хонсю аралында 50 мыңға жуық үй жарықсыз қалды. Бұған аймақта аласұрған бораннан электр желілерінің үзілуі себеп болды. Ал елдің Хоккайдо аралында күн райының қолайсыздығынан 200-ден астам жолаушылар пойызы жолға шықпай қалды. Сондай-ақ, 90-ға тарта ішкі әуе рейсі де орындалмады. Қазіргі кезде аймақтағы желдің екпіні секундына 30 метрден асады.  Синоптиктердің болжамынша,  алдағы тәулікте аралда қалыңдығы 120 сантиметрге дейін қар түсуі ықтимал.

 

Айта кетейік, дүйсенбі күні Жапонияның басым бөлігін қалың қар басуының  салдарынан 200-ден астам адам зардап шеккен. Олардың дені- ел астанасы Токио мен көршілес Тиба және Сайтама префектураларының тұрғындары. Табиғаттың тосын мінезінен аймақтағы теміржол қатынасы бұзылып, 180-ге жуық әуе рейсі кейінге шегерілді. Тасжолдардағы көлік қозғалысы да қиындады.  

 

 

 

Сурет: www.cnn.com