Сириямен шекаралас аймақтағы мектеп маңында жарылыс болды

Сириямен шекаралас аймақтағы мектеп маңында жарылыс болды

Түркияның оңтүстік-шығысындағы Килис провинциясында мектеп маңында болған жарылыстан 1 адам қаза тауып, тағы 3-уі жарақат алды. Ел әскерилерінің хабарлауынша, снарядтар Сириядағы Ирак пен Левант лаңкестік тобының бақылауындағы аймақтан атылған. Олардың екеуі ашық жерге, ал біреуі мектеп аумағына құлады. Оқиға орнына дәрігерлер мен полиция жетті. Мектептердегі адамдардың барлығы эвакуацияланды.

 

Сурет: newskaz.ru