Күні кеше халықаралық санкциялардан босатылған ресми Тегеран енді жаңа шектеулерге тап болды. АҚШ-тың қаржы министрлігі баллистикалық зымырандар сынағы бойынша бағдарламаға қатысы бар Иранның бірқатар компаниялары мен жеке тұлғаларына қарсы жаңа санкциялар енгізді. Атап айтқанда, олардың америкалық банк жүйесін пайдалануына тыйым салынып отыр.Былтыр күзде Иранда орта қашықтыққа арналған баллистикалық зымыран сыналған болатын. Бұл әрекет БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің халықаралық деңгейдегі екі бірдей қарарына  қайшы. Десе де, америкалықтар енгізген жаңа шектеулерді Иран билігі қатаң сынға алып, оларды заңсыз деп атады. Елдің сыртқы істер министрлігінің өкілі Хуссейн Джабери Ансаридің мәлімдеуінше, жаңа санкцияларға қарамастан ресми Тегеран өзінің зымырандық қорғаныс әлеуетін арттыруды жалғастырады.

 

Сурет: rusvesna.su

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер