Ядролық қауіпсіздік бағытындағы қазақ­стандық бастамалар елімізді бейбіт әлемнің көшбасшысына айналдырды. Қазақстан енді осынау ұстанымын БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесінің құрамында белсенді түрде ілгерілетуде. Канадалық сарапшы Гарри Нанда Қазақстанды «бейбітшілік елшісі» деп атады. Ол Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың G-Global халықаралық жобасы мен Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңесті шақыру туралы екі маңызды бастамасын ерекше атап өтті.

ГАРРИ НАНДА, МЕДИААГЕНТТІК ДИРЕКТОРЫ  /КАНАДА/:

 - Сіздердің елдеріңіз тәуелсіз жас мемлекет болса да, БҰҰ ҚК-нің тұрақты емес мүшесі болып әрі соған төрағалық етіп үлгерді. Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанды әлемдегі жаһандық ойыншылардың қатарына енгізді. Оның G-Global жобасы – қазіргі таңда 26 қатысушысы бар АӨСШК құру туралы  идея ретінде ұсынылған жаңа бастама. Қазақстан ядролық қарудан өз еркімен бас тарту арқылы бейбітшілік елшісі болғандықтан, таяу жылдары G-Global жаһандық қауіпсіздік мәселесін талқылауға арналған үлкен алаң болуы мүмкін.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер