Қазақстан әлемдегі тұрақтылық пен қауіпсіздікті нығайтуды көздейтін алты бағыттағы шаралармен жұмыс істеуді жалғастыра бермек. Аталған басымдықтарды БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған болатын. Беделді органға төрағалық аяқталғанға дейін елдің қандай жетістіктерге қол жеткізгендігін отандық және шетелдік сарапшылар сөз етті. Әлемдік экономика және саясат институтының сыртқы саясат жөніндегі сарапшысы Жұмабек Сарабеков Орталық Азия аймағын дамыту мәселесін күн тәртібіне енгізу – Қазақстан үшін аса маңызды жетістік болды деген ойда. Бұдан бөлек, еліміз үшін БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне тұрақты емес мүше атану халықаралық аренада өзінің бітімгерлік статусын нығайтуға сеп болды. Сондай-ақ Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымына қатысушы елдермен жаһандық мәселелерді шешудегі өзіндік жолымен бөлісті. Айту керек, Қазақстанның төрағалығымен БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесінде 30-ға жуық шара ұйымдастырылды.

ЖҰМАБЕК САРАБЕКОВ, ӘЛЕМДІК ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ САЯСАТ ИНСТИТУТЫНЫҢСАРАПШЫСЫ:

 - Біз әлемдік тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі өзіміздің көзқарасымызды ұсындық. Мемлекет басшысы өз сөзінде күн тәртібіндегі халықаралық мәселелер бойынша нақты ұсыныстарымен бөлісті. Солтүстік Корея жайы талқыланды. Жиында әлемдік державалар арасында стратегиялық диалогты жандандырудың маңыздылығы  сөз болды.

КАРИНЕ ГЕВОРКЯН, САЯСАТКЕР/АРМЕНИЯ/:

 - Халықаралық аренадағы түрлі түйткілді мәселелер бойынша Қазақстан өте салмақты саясат ұстанып отыр. Қазақстан БҰҰ өкілдерінің алғаш рет Кабулға баруларына үлкен ықпал жасады. Бұл да Қазақстанның әлемдік аренада тұрақтылықты нығайтуға қосқан қомақты үлесі.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер