Африка БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің назарында

Африка БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің назарында. Бұл құрлықта бейбітшілік пен қауіпсіздік орнату Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің мүшелеріне жариялаған мәлімдемесіндегі жеті басымдықтын бірі екені белгілі. Африка – әлемдегі ең тұрақсыз аймақтардың бірі, мұнда түрлі әскери қақтығыстар жылдар бойы жалғасып келеді. 2017 жылы Эфиопия БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі болды. Осы елдің БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Текеда Алему Қауіпсіздік Кеңесінің күн тәртібіндегі негізгі мәселелеріне тоқталып, Қазақстанның жаһандық әлемдегі ролін атап өтті.

ТЕКЕДА АЛЕМУ, БҰҰ ЖАНЫНДАҒЫ ЭФИОПИЯНЫҢ ТҰРАҚТЫ ӨКІЛІ:

 - Біз Африкадағы жағдайды үнемі назарда ұстаймыз. БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі талқылаулардың 50 пайызы Африкадағы ахуалға арналады. Судан, Сомали, Мали, Орталық Африка Республикасы, Бурундидағы жағдайлар күн тәртібіне жиі шығады. Мәселелерді реттеуге күш саламыз. Қазақстанның ядролық қарусыздану және оны таратпау жөніндегі бастамалары, Сирия мен Йемен тағдыры да талқыға түседі. Біз Қазақстанға бейбітшілікті қолдау жөніндегі ұсыныстары, Ауғанстандағы жағдайды тұрақтандыру бойынша жасалған жұмыстары үшін алғыс айтқымыз келеді.