Нью-Йоркте БҰҰ-ға мүше мемлекет өкілдері мен халықаралық сарапшылар ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың терроризмнен азат әлем құру туралы Кодексті қабылдау бойынша бастамасын талқыға салды. Қатысушылар Қазақстанның әлемдегі терроризмге қарсы іс-қимылдарды үйлестіруге қосқан үлесі жоғары екенін мәлімдеп, Нұрсұлтан Назарбаевтың жаһандық қатерге қарсы тұруға бағытталған бастамасы дер кезінде көтерілгеніне тоқталды. Жиынға қатысушылар Кодекс БҰҰ Бас Ассамблеясы мен Қауіпсіздік Кеңесінің қарарын жүзеге асыруды күшейтуді көздейді деп отыр. Айта кетейік, дөңгелек үстел жұмысына халықаралық ұйымның Кодексті әзірлеу мен нақты шешімдерді сұрыптауға атсалысқан барлық аймақтық топтары қатысты.

МИШЕЛЬ КОНИНС, БҰҰ ҚК КОНТТЕРОРИСТІК КОМИТЕТІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:

 - Жалпы терроризм мен экстремизм бұрын-соңды болмаған күрделі құбылыс, бүгінде бүкіл жаһанды алаңдатып отыр. Мұнда жан-жақты пікір сарапқа салынады. Мен Қазақ елі ұсынған бастаманың сәтті жүзеге асырылуына тілекшімін. Құжат терроризмнен азат әлемге қол жеткізу, саяси келіспеушіліктердің алдын алуды көздейді. Бұл ретте  тиісті топтардың саяси мүдделеріне қарамастан бір үстел басына жиылуы өте маңызды. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер