"БҰҰ ҚК құрамында Орталық Азия елдерінің мүдделеріне қатысты Қазақстанның ролі аса маңызды"

БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің құрамында Орталық Азия елдерінің мүдделеріне қатысты Қазақстанның белсенділігі мен ролі аса маңызды. Боливияның ұйымдағы тұрақты өкілі Сача Сержио Лоренти осылай дейді. Оның пікірінше, өңірді бейбітшілік, серіктестік пен қауіпсіздік аймағына айналдыру басқа елдерге үлгі болады, әрі қазіргі заманның сын-тегеуріндеріне қарсы тұруға септігін тигізеді. Еске салсақ, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев саяси үндеуінде жария еткен Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі басты басымдықтарының бірі Орталық Азияда бейбітшілік аймағын құру болды.

САЧА СЕРЖИО ЛОРЕНТИ, БОЛИВИЯНЫҢ БҰҰ-ДАҒЫ ТҰРАҚТЫ ӨКІЛІ:

 - Боливия – БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі. Қазақстан мен осы ұйымда бірлесе жұмыс істеп жатқанымызға қуаныштымыз. Сіздердің елдеріңіздің тек Орталық Азияда ғана емес, жалпы абырой-атағының жоғары екендігін жоғары бағалаймыз. БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі Қазақстанның төрағалығы күн тәртібіндегі маңызды түйткілдерді шешу жолдарын қарастырумен есте қалды. Әсіресе сіздер ұстанған превентивті дипломатия біздің де негізгі бағыттарымыздың бірі. Орталық Азия біз үшін бейбітшілік, қауіпсіздік пен даму аймағы саналады.