Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің құрамындағы қызметі елдің беделінің артып, әлемдік аренадағы рөлінің нығаюына септігін тигізді, дейді Афина Халықаралық қатынастар институтының өкілі Константинос Филис. Оның айтуынша, Астана процесін ұйымдастырудағы іс-қимылының өзі елдің жаһандық қақтығыстарды реттеуде өзіндік бағдарламасының бар екендігін дәлелдейді.

КОНСТАНТИНОС ФИЛИС, ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР ИНСТИТУТЫНЫҢ ЗЕРТТЕУЛЕР ЖӨНІНДЕГІ ДИРЕКТОРЫ:

 - Астана процесі Сириядағы шиеленістерді талқылауда маңызды рөлге ие болды. Менің ойымша, бұл алаң Сириядағы жағдайдың әрі қарай қалай дамитындығын айқындап берді. Әрине, жағдай бірден өзгереді деп ойламаймын. Алайда Ресей, Түркия, Иран елдерінің үшжақты келісімінен кейін Сириядағы кейбір аймақтарда қақтығыстардың бәсеңдеуі байқалады.

Константинос Филис Қазақстанды Орталық Азия аймағындағы басты бітімгер деп атады. Пікірінше, бейбітсүйгіш саясатымен танылған ел осы ұстанымын енді бітімгерлік бастамаларымен бекіте түскен.

КОНСТАНТИНОС ФИЛИС, ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР ИНСТИТУТЫНЫҢ ЗЕРТТЕУЛЕР ЖӨНІНДЕГІ ДИРЕКТОРЫ:

 - Қазақстанның аймақтағы ролінің күшеюі, әлемдік геосаясат ойыншыларымен достық қатынастары және географиялық орналасуы. Осы жағдайлардың арқасында Қазақстанның медиатор ретіндегі қызметі арта түсері анық.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер